Қазақстан

русский казахский

Әлемнің кереметтігін танып білу  жолдардың бірі- өнер екені бізге белгілі. Ал осы керемет әлемімізді бейнелейтін суретшілер-осы әлемге келіп, табиғаттың әсемдігін жұмыстарында бейнелеу арқылы жеткізе отырып және де арығарай өзің көру арқылы жетілдіруге мүмкіндік береді. Әркім өзі үшін, осы өнермен бірге болуды не болмауды, өз-өзінің жан дүниесін жетілдіруді және де  арттан еріп келе жатқан жастардың эстетикалық тәрбиесіне үлес қосуды, қоспауды өзі шешеді.

Бейнелеу өнері мәнерлеп жазылған хат секілді, оның ішінен өткен-кеткен тарихымызды, өтпелі ғасырдан осы заман ағыстарында сурет өнерінің қалай пайда болып, осы заманға қалай жетіп, жетілгенін оқып білуге болады.Сол себепті біздің қазақстандық талапкер «Күн-Ай» шығармашылық  суретшілер тобы, алдына мақсат қойды: өзіміздің ұлттық шығармашылық  өнеріміздегі ерекшелігімізді ескере отырып, өнердегі қазіргі заманауи өзгерістерді қолдану арқылы жаңа жұмыстар жазу, сондай-ақ соңғы актуалды тақырыптарға этникалық  реңкте ипровизатсия жасау және ол жұмыстар арқылы шет елдерді елміздің ерекшелігімен таныстыру.

Осы бірлестік катысушылары- бұл өмірге деген көз қарастары ерекше, өздерінің шығармашылықтарында сол ерекшеліктерін арқайсысы өзінше көрсете білетін суретшілер.

Көршілес ағайынды елдердегі суретшілермен бірлесе жұмыс істеу-бұл біздің әр суретшілеріміздің шығармашылығында өте маңызды кез деп санаймыз. Негізінде осындай әр ел суретшілері арасындагы бірлестік, бір-бірімен өздерінің жеке шығармашылығын-дағы тажірбиелерімен, дағдыларымен, өз ойларымен бөлісуге керемет мүмкіндік береді. Сол себебті болашақ таланты жас өнерпаз суретшілерге, өнер жолында белсенді, маштапты түрде алдыға жүруді тілейміз. Тек бірлесе, ұйымдаса  адам нанғысыз биіктіктерге жетіуге болады. Іске сәт!

 

Құрметпен,  Тоғжан  Құттұғаева.